-
Вопрос по казақ тiлi:
булбул туралы казакша малимет-
Автор:
calixto
-
-
Ответ:
Бұлбұл туралы мәлімет
Бұлбұлдар — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.
-
Вопрос по казақ тiлi:
Жүзгіш, байқағыш, тапқыш, айтқыш, білгіш, сезгіш, сөйлегіш
Әр сөзге бір бір сөйлем құрау-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
просклонять по падежам слово на казахском слово президент,мемлекет-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
жасылдау сөзіне сөйлем құрау-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Фонетический разбор слова на казахском языке:
күтім
құрттам
өсімдіктер
ЕСЛИ МОЖНО ФОТО ИЛИ ССЫЛКУ-
Ответов: 2
-