-
Вопрос по казақ тiлi:
информация о тюльпанах на казахском языке-
Автор:
salvatore
-
-
Ответ:
Көктем ... Шуақты көктем, шұғылалы көктем. Әсіресе, бұл көктемді бақ иелері мен дихандар қалай күтеді десеңізші! Көктем шығысымен олар жер ананың төсін гүлге орайды. Гүл. Біздің ата-бабаларымыз «жердің көркі - гүл» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Көктемгі бақтың ең әйгілі гүлі – қызғалдақ (тюльпан). Қаhарлы қыстан жалыққан адам көңіліне қуаныш сыйлап, сәулелі сезімді қытықтап оятатын да осы гүл. Сондықтан да бақ иелері өздерінің бақшасын гүлдендіруді қызғалдақтан бастайды. Сондай ақ, бұл гүл мектеп ауласында да әдемі көрік береді.Негізінен қызғалдақтың Отаны - Орталық Азия. Ол түрік көшпенділері арқылы Азияның басқа бөліктеріне тарап, парсы, түрік мемлекеттері патшаларының сүйікті гүліне айналды. Қызғалдақ ХҮI ғасырдың ортасында Түрік еліндегі неміс елшісі арқылы Германияға жетті. Осы кезден бастап, Еуропа байлары үшін қызғалдақ ерекше орын алды. Ал, голландиялық бай саудагерлер үшін қызғалдақ - байлықтың белгісі болды. Тіпті, ерекше түрлері үшін бар байлығын жұмсағандар да кездесті.Жалпы, қызғалдақ - лалагүл тұқымдасқа жататын пияз текті көпжылдық шөптесін өсімдік. Оның жүз елуге жуық жабайы түрі болса, 32 түрі Қазақстанның далалары мен тауларында өседі. Қазақстанның эндемигі болып саналады. Селекционерлердің бірнеше жылдар бойғы еңбектерінің арқасында бүгінде қызғалдақтың үш мыңнан астам түрі бар. Бұлардың биіктігі 5-50см.ге дейін. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Жемісі - қауашақ.Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі.Қызғалдақтың жер астындағы бөлігі көктемде қысқа уақыт ішінде дамиды. Олар 20-25күн бойы гүлдейді.Қызғалдақтың ең алғашқы тобы сәуір айының екінші жартысынан гүлдей береді;Брийан Стар биіктігі 20-25 см.-ге дейін, түсі қызыл қоңыр, Ибис биіктігі 20-25 см.-ге дейін, түсі ашық сары, Электра биіктігі 20-25 см.ге дейін, түсі - шымқай қызыл (қара қошқыл), Мурильо- биіктігі 20-25см.ге дейін, түсі ақ.Кеш гүлдейтін қызғалдақтар; мамыр айының ортасынан соңына дейін гүлдейді; Нифетос- биіктігі 60 см, сарғыш түсті, Мадам Баттерфляй- биіктігі 65-70 см, ашық сирен түсті, Принцесса Элизабет- биіктігі 45-50 см, таңқурай түсті.Қызғалдақтар күн сәулесі мол түсетін, желден ық жерлерде өте жақсы өседі. Олар жақсы құрғатылған, құнарлы құмды топырақты сүйеді. Қызғалдақты сабағының биіктігіне байланысты жерге 12-15см. төмен егеді.Жалпы, қызғалдақтар пиязының жанынан өсіп шығатын қосымша пиязшығы арқылы көбейеді. Олар қыркүйектің соңында жерге егіледі.Қызғалдақтың жапырақтары сарғайғаннан кейін,оның сабақтарын жыл сайын жаз айларында (мамыр- маусым) қазып алу керек. Қазып алынған пиязшықтарын қораптарға салып, жертөледе немесе құрғақ, күн түспейтін, бірақ ауа алмасып тұратын бөлмеде, 15-17 градустық жылы жерде сақтау керек. Тіпті, жыл сайын қаза бермей жылда қазып алып, сабағын бөлсе де болады. Ол үшін жапырағын қалдырып, жаз айларында азырақ суару керек.Қызғалдақты көшені, ауланы әдемілеу үшін көп пайдаланады. Сондай-ақ,теплицада гүлдетіп, наурыз мейрамында сатады. Әрине, бойына, түсіне байланысты қызғалдақты егу әдісі де әртүрлі. Мүмкіндігінше түр түсіне қарай қызғалдақтарды топтап еккен әдемі көрінеді. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде- кем. Осы себепті де Қазақстан - қызғалдақтың отаны болып саналады.
-
Вопрос по казақ тiлi:
Сделайтеееее 2 заданиееееееее
Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл
туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң,
ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.
Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады.
Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша
жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді.
Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын
жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады.
Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға
кетер еді. Неге су тегінге саттың?» – деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті миллионға не
одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жыл бойы ақша жинайтын
адам табыла ма?» – дейді
2Басты кейіпкердің саудамен қандай байланысы бар? Оның адамгершілік қасиетін
сипаттап, мәтіннен дәлел келтіріп жазыңыз.-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Про все горы Казахстана краткое описание на казахском языке.
Пожалуйста помогите
Пожалуйста
Пожалуйста-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
әр адамның өзіне тән ерекшелігін құрайтын ғ элеметтің үйлсімін қос жазба күнделігіне теріп жазып түсініктеме жаз-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Ақорда сөзіне синквейн-
Ответов: 1
-