-
Вопрос по казақ тiлi:
стих на казахском языке о независимости Казахстана-
Автор:
missy11
-
-
Ответ:
Қайрат Әлімқұлов - "Тәуелсіздік алған күн".
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәууелсіздік - ұлық той.
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.
Қалқаман Сарин –"Тәуелсіздік".
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
-
Вопрос по казақ тiлi:
Нужно подобрать синоним к этому слову: қабілет помогите пожалуйста-
Ответов: 1
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
1873
1937
1893
1920
На казахском языке
Срочно !!!-
Ответов: 2
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
менин суйикти калам Актобе шыгарма-
Ответов: 1
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой, мақал-мəтелдерді аударыңыз.
Құс ... ұшады, ... қонады.
... дос бол, үйіңе береке кіреді.
... дос бол, қадіріңді біледі.
... дос бол, сасқанда ақыл береді.
Ағаш ... , адам ... мықты.
Қажетті сөздер: тамырымен, азаматпен, құйрығымен, əйеліңмен, қанатымен, білімдімен, досымен.
-
Ответов: 2
-
1 год назад
-