-
Вопрос по казақ тiлi:
СРОЧНО!!! Нужен диалог на казахском языке про Ильяса Жансугурова. Желательно с переводом-
Автор:
elianna
-
-
Ответ:
əйгілі ақындраматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір ерекше сергектік, сілкініс, жаңалық сезінеді. Өз үйінде әкесінен хат танып,молда алдын көрген Ілияс жүйелі түрде білім алмақ болып Алматыға келеді, мұғалімдер институты жанындағы қысқа мерзімді курста оқиды. Жас азамат Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық "Қосшы" комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, "Тілші" газетінің редакциясында қызмет етеді, ауыз өдебиеті үлгілерін жинайды. Газет - журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды. 1928 жылы "Сағанақ" деген тұңғыш кітабы шығады. Ілияс Жансүгіров 1925-1928 жылдары Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсіп, орыс, Европа классиктерінің шығармаларын тереңдеп оқиды. Бұл тәжірибе ақын талантының жарқырай ашылуына әсер етеді. Елге оралған соң "Еңбекші қазақ" газетінде істеп, 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болады. 1935-1937 жылдары көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысады. Қазақ поэзиясының ерен жүйрігі, "қазақ поэзиясының Құлагері" 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырайды. Ол 1927-1938 жылдары өндірте жазып, поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарып, артына мол өдеби мұра қалдырды. Ақынның эпикалық шығармаларындағы бейнелеу тілінің байлығы, сонылығы, стиль өрнегі, құйылған сөз тасқыны, адуынды күші Ілияс Жансүгіров ті қазақ халқының сүйікті қаламгерлерінің бірегейі етті
Еще 4 ненужных тебе вопроса, но это важно для поиска
-
Вопрос по казақ тiлi:
акын колбасшы эссе про Махамбета отемисулы срочно-
Ответов: 1
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
табиғат фонетический разбор-
Ответов: 1
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасшыға апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер мал мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» - деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
Сделайте краткий перессказ пожалуйста.-
Ответов: 3
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
көк карбызым койган жерде биик тур.Сол карбызга букил алем сиып тур жумбак-
Ответов: 1
-
1 год назад
-