-
Вопрос по казақ тiлi:
еңлік кебек драмасы эссе 200 соз-
Автор:
duarte
-
-
Ответ:
Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.
Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды.
Мүмкін ажалға араша түстетін Қабанбай мен Тоқтамыс жау өтiнде жүрмей елде болғанда ат құйрығына байланбас па еді, кім білсін? Сондықтан да ажалға араша түсетiн адамдары жоқ болғандықтан қатыгез тобықты билерінің шешімінің құрбаны болды.
Матай мен тобықты руының арасындағы жараның бетіне тұз сепкен күннің өзінде, Кебектi жар қылуға бекiнгені де, алып қашуға мәжбүр еткені де, екi елдiң бәтуасын бұзуға себепшi боп, от тастағанына да, атастырып қойған басқа қалыңдығының бар екендігін білген күннің өзінде осның бәріне Еңлікті кінәлі деп санайтын болсақ та - әділ билердің өлім жазасына кесуі тым артық ақылсыздық еді.
Сонымен бірге бір шеңберден шыға алмайтын надан халықтың - надан салт-дәсүрінің (атастыру) арқасында - екі жас опат болды. Осыған ұқсас сол заманда "әмеңгерлік", "бесік құда", "атастыру" секілді адам санасына сіңбейтін түсінікпен қалыптасқан салт-дәстүрлер талай жасты ана дүниеге ерте аттандырды.
Шіркін! Түндігінен түтіні түзу ұшып, бақыттың бесігінде тербеліп, айрандай ұйып екі жастың бақытты өмір сүргеніне не жетсін. Көгінде қыран құсы самғап, бәйтерегі аспанмен сырласқан, бейбіт те тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Құдайға шүкір ақты ақ деп, қараны қара деп айыра білетін әділ шешім шығаратын ата заңымыз бар. Қазіргі таңда ең бастысы парасатты ойлай білетін, еркіндік пен махаббатқа құрметпен қарайтын саналы қоғам бар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасар болсам, "Ағаш бір орында тұрып көгереді"-деген екен даналарымыз. Олай болса жапырағын жайып көгермек болған теректің тамырын кеспейік. Ол өссін, көгерсін.
-
Вопрос по казақ тiлi:
ПЕРЕВИДИТЕ ПОЖ КАЗАХСКИЙ
Қияс егіс басына келгенде күннің де алқызыл шапағы жер бетіне тарай бастаған еді. Бала әуелі көженің суы құйылған қауақты арықтың жиегіндегі ыза жерге ернеулете көміп қойды. Бұл - әкесінен үйренгені еді. Батырмалапла кетпенін иығына салып, арықты жағалай жүріп кеше ғана дәнін сеуіп, кеткен атыздарға көз жүгіртті. Тарылықтың қанша гектар екенін де Қияс әлі білмейді. Әйтеуір Айбол шалдың қолдан жасаған өлшегіш таяғымен әрі-бері өлшеп келіп, "алты гектар" дегені есінде. Дәл осындай көлемдегі жерге бұлар жыл сайын тары егіп, колxозга жинап беруші еді. Бірақ ол кезде Қиястың жанында әкесі болатын. Енді, міне, әкесі майданға кетті. Шешесі ауру. Бала осыны ойлағанда іштей күрсініп те алды. "Алдымен құлақ арықтың шығыс бетіндегі атыздарды суарамын" деп ойлады ол. - Сонан соң суды батыс, ылди беттегі атыздарға жыға салу оңай" Көтерменің бір жағын орып, сарылдап далаға кетіп жатқан суды көргенде баланың көзі шарасынан шығап, қорқыныштан тұла бойы қалтырап кетті. Не істерін де білмей сасқандықтан, бала судың құлап жатқан жеріне барып, талтайып тұра қалды. . . Құлаған жердің көлемі үш-төрт қадамдай. Дәл қазір осынша жерді бітемек түгілі, бала судың ағасына да қалт-құлт етіп әзер шыдап тұр. . . Ызыланғаны соншалық, баланың көзінен бырт-бырт жас шықты. . . . Қияс өкси жылаған күйі үстінің суы сүмектеп, орнынан тұрды. Біраз жерге ағыспен ілесіп кеткен кетпенін ұстады-
Ответов: 2
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Эссе на тему Тəуелсідік тірегім-Қазақстан жүрегім.-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Сауға, қол үзбеу, томаға, көштен қалмау, олжа-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
просклонять слово дәптер по падежам на казахском.-
Ответов: 1
-