-
Вопрос по казақ тiлi:
Коп нуктенин орнына тиисти шылауларды койып,сойлемдерди коширип жаз-
Автор:
gibson3
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Помогите пожалуйста, дан текст и к нему вопросы, пожалуйста помогите
Ақыл, қайрат, жүрек және ғылым
Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
Қайрат айтыпты: - Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді, әуелі өзіңді білуге ерінбей үйрену керек, ол – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болмайды. Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?
Ақыл айтыпты: -Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, осы екеуі маған қайтіп таласады? Менсіз өздері неге жарайды екен?
Жүрек айтыпты: -Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде, тамағы тоқ жатқан кісінің де, аш кедейдің жайында ойлайтын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен, әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: -Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бірі рас-ақ. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.
-Ей, ақыл, сенің айтқандарыңның бәрі рас-ақ. Сенсіз еш нәрсе табылмайтыны рас. Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады.
Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды ғой. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет.
Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, қасиетті адам сол.
Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
16. Қайраттың өзі туралы айтқан пікірі
A) «Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе?»
B) «Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен».
C) «Менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен».
D) «Әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не?»
E) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет».
17. Ғылымның айтқан ойларынан мағыналары жақын сөздерді анықтаңыз
A) «Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ».
B) «Жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен».
C) «Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен».
D) «Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады».
E) «Менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен».
18. Автордың ойынша қасиетті адам деген қандай адам екенін анықтаңыз
A) Аш кедейдің жайын ойламай, арын таза ұстайтын адам.
B) Өзгеге пайдасы мол, залалы жоқ, күшін орынды іске жұмсайтын, орынсыз істен бойын аулақ ұстайтын адам.
C) Пайданы іздеп, залалдан қаша алмайтын, ғылымды игере алмайтын адам.
D) Жақсылыққа елжіреп ерімейтін, жаманшылықтан жиренбейтін адам
E) Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болатындығын түсінетін адам.
20. Шығармадағы негізгі ой қай кейіпкердің пікірінде екендігін анықтаңыз.
A) Ғылымның сөзінде.
B) Ақылдың сөзінде.
C) Бастың сөзінде.
D) Қайраттың сөзінде.
E) Жүректің сөзінде.-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
кім нені қорғауы тиіс?неден қорғауы тиіс?оларға қандай жағдай жасау керек?-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз
А) жалауды
Ә) дәстүрмен
Б) қаражат
В) балалық
Г) ұстаздың-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Переведите пожайлуста, заранее спасибо
Мағжанның туып өскен жері – Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы.Әкесі Бекен – көзі ашық, өжет,қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.
Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.
Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білген Мағжан қаламынан "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі" сияқты бірнеше тамаша поэмалар тудырд-
Ответов: 9
-