-
Вопрос по казақ тiлi:
рассказ на казахском языке про Бурабай-
Автор:
blakemorales
-
-
Ответ:
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар. Бурабай демалыс орны тұрғысында 1810 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен емдеу – сауықтыру орны ашылған. 1920 жылдан мемлекеттік маңызы бар демалыс орнына айналған. Тәуелсіз ел болғалы, іргесіне Астана келгелі Бурабай көлінің, мұндағы демалыс орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған. Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Мекеннің тұрған жері – Ақмола облысына қарасты Шортанды қаласынан 20 шақырымдай қашықтықтағы Бурабай көлінің жағасында. Абылай алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті, Бурабай қорымы деп аталатын тарихи-мәдени орындар бар.
Еще 4 ненужных тебе вопроса, но это важно для поиска
-
Вопрос по казақ тiлi:
қадірлі сөзіне синоним керек өтинем
синоним на слова қадірлі прошууу-
Ответов: 3
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
фонетический разбор слова (наурыз) срочно спасибо-
Ответов: 1
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Сделайте тест пожалуйста даю 25 баллов
Тест
1. Негізгі жіңішке сөз
А) шара
Ә) көрініс
Б) тамаша
В) мазмұнды
2. Бес буынды бар сөз:
А) аулаймыз
Ә) шомыламыз
Б) демаламыз
В) көмектесеміз
3. Нүктенің орнына керекті дауысты дыбысты көрсет.
Сөз: б...зау
А) ұ
Ә) ү
Б) ә
В) ө
4. Жуан даыстылы жалғауларды белгіле
А) –ға,-қа
Ә) –лер, тер
Б)- ден, -тен.
В) –ге,-ке
5. Жәрдемші деген сөз не арқылы жасалынған, белгіле
А) қосымша
Ә) түбір
Б) жұрнақ
В) жалғау
6. Мектеп деген сөзге иелік форманың қай жұрнағы дұрыс келеді, белгіле.
А) –дікі
Ә) –тікі
Б) –нікі
В) –ыншы
7. Мына сөздерге керекті жалғауды тап: тас..., гүл...
А) –лы, -лі
Ә) –тар,-дер
Б) –сың, -сіз
В) –қа,-те
8.Көптік жалғауы бар сөздерді көрсет
А) тауық, ешкі
Ә) қозылар, өшіргіштер
Б) тұрғыны, қол
В) өзенге, тауға
9. Барыс септіктің жалғауы бар сөзді көрсет.
А) тоқылдақты
Ә) орманға
Б) жағада
В) көлдің
10. Ойыншыны-бұл қай септіктегі сөз?
А) атау
Ә) жатыс
Б) табыс
В) ілік
11. Себеттен –бұл қай септікте тұратын зат есім, белгіле.
А) ілік
Ә) жатыс
Б) шығыс
В) табыс
12. Қайттік?-қай етістікке дұрыс келеді, белгіле.
А) мінгізді
Ә) аралатты
Б) күлдік
В) ұнады.
13. Тұздайды, өсіреді-бұл сөздер қай сөз табына жатады.
А) сын есім
Ә) үстеу
Б) есімдік
В) етістік
14. Бұл етістіктің райы: көрсең
А) ашық рай
Ә) бұйрық рай
Б) шартты рай
В) қалау рай
15. Әділетсіз, жағымсыз, абыройсыз сөздері қай сөз табына жатады, белгіле
А) зат есім
Ә) сан есім
Б) есімдік
В) сын есім
16. Жай шырайдағы сын есім.
А) әп-әдемі
Ә) көкпеңбек
Б) тым ұзын
В) белгілі
17. Жаңғақ –бұл сөз қай сөз табына жатады.
А) сан есім
Ә) сын есім
Б) есімдік
В) зат есім
18. Ненің? Деген сұрақты қай зат есімдерге қоюға болады, белгіле.
А) адамға, мұғалімге, балаға
Ә) еліктің, аққудың, шыршаның
Б) әкеме, ініме, сіңліме
В) ұлды, немерені, қызды.
19. Екінші, бесінші – бұлар сан есімнің қай түрі?
А) жинақтық сан есім
Ә) реттік сан есім
Б) күрделі сан есім
В) бөлшектік сан есім
20. Нүктенің орнына керекті есімдігі: .... алдым
А) сіз
Ә) мен
Б) олар
В) сендер
21. Келер шақ есімше неше түрге бөлінеді.
А) 1
Ә) 4
Б) 2
В) 3
22 Нүктенің орнына қойылатын керекті сұраулық шылауды көрсет
Мектепте Наурыз мерекесі жақсы болды ..?
А) бе
Ә) ма
Б) пе
В) па
23. Зиянды деген сөздің антонимін тап.
А) жаман
Ә) пайдалы
Б) жақсы
В) керекті
24. Успех –сөздің дұрыс аудармасы:
А) махаббат
Ә) еңбек
Б) тілек
В) табыс
25. Сөйлемнің дұрыс жалғасын көрсет
Сен бор алсаң....
А) күнделікте жазасың
Ә) сөздікте жазасың
Б) дәптерге жазасың
В) тақтаға жазасың
26. Мақал ретінде жазылған сөйлем:
А) балалар білім алады.
Ә) кітапты күтіп ұста
Б) кітап-адамның досы
В) кітап адамды тәрбиелейді
27. Құрмалас сөйлемнің құрылымы қандай?
А) бір сөйлемнен тұрады
Ә) сөз тіркесінен тұрады
Б) құрмалас сөйлемнен тұрады.
В) екі-үш жай сөйлемнен тұрады.
28. Жақсыз сөйлем.
А) шешем қанша айтса да, ол тыңдамады.
Ә) мен оны көрдім
Б) Асқар –геолог
В) бүгін саяхатқа бардық
29. Жақты сөйлем:
А) ауа райы салқындай бастады.
Ә) олардың үйге барғысы келмеді
Б) Айшаның айтқаны дұрыс болды
В) оның күлкісі өте әдемі
30. Көкше жерінің табиғаты қандай ғажап –бұл сөйлем айтылуы мақсатына қарай қай түрге жатады?
А) хабарлы
Ә) лепті
Б) бұйрықты
В) сұраулы
-
Ответов: 1
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
кулмениздер кариге ангиме керек-
Ответов: 1
-
1 год назад
-