-
Вопрос по казақ тiлi:
эссе керек!Тақырып-Туған жер
Жоспар:
1.туған жердің ауасы да шипа,туған жердің жуасы да тәтті
2.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің
3.Туған жер-алтын бесік
...........................................................
Жасап берген адамға-мол байлық,зор бақыт және бастысы денсаулық!!!-
Автор:
paul84
-
-
Ответ:
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Еще 4 ненужных тебе вопроса, но это важно для поиска
-
Вопрос по казақ тiлi:
"Синектика".Көне қалалардың орнынан табылған күміс ақшаның атынан қазіргі ұрпаққа хат жаз.Өз тарихыңды айтып өзіңе деген оң көзқарас қалыптастыр.Хатқа керекті акпарат жина-
Ответов: 1
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Переведите пожалуйста!!Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой -қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп кетеді. Атқан оқ дарымайды. Әзірге адамға ауыз салған жоқ. Кейін қайтерін кім білсін?-деді садақ ұстаған жігіт. – Шарасын таппай дал болдық... – Ойбай... Әне ... Тағы келді, - деп сөзін жалғастырды жігіт. –Аждаһа Күлән деген... жесір әйелдің... үйінің жанындағы... суы тартылып кеткен... ескі құдықтан шығады.
Жанқожа қылышын алып , солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа қашты. Ауыл ақсақалы, жасақ басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты жігіт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып жұтқалы тұр екен.Жанқожа жылдам «Құран» оқыды да ақырып , қасына жетіп барды. Тез қылышын көтерді.
Лезде айбатынан айырылған мақұлықтың көзінен пора- пора жас ағып, сылқ етіп алдына жата кетті. Оның бейшара халін көрген Жанқожа қылышын түсірді.
–Ағарған әкеліңдер! –деді сосын одан отты жанарын алмастан...
Жасақ басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де ентелей жетті. Артына қарамастан қолын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді.
Мақұлық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожаға бір қарады да кері бұрылып, ақырын ақырын жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан кқтылғанына қуанған адамдар қатты қуанды-
Ответов: 2
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Кабыгы катты, татти шырынды бакша дакылы-
Ответов: 2
-
1 год назад
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
предложение со словом демеу?-
Ответов: 1
-
1 год назад
-