• Вопрос по казақ тiлi:

    бор неден жасалады топырак или тас

    • Автор:

      franco92
  • Ответ:

    Бор неден жасалады?

    Бор (тау жынысы) – көбінесе кокколитофор мен фораминифер сияқты микроорганизмдердің ізбесті (90-99% кәлсит) қаңқаларынан құрылатын борпақ (40-49% дейін), ұсақдәнді (<0,01мм) тау жынысы болып келеді.

    Бор дегеніміз түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс. Бордың құрамындағы бір клеткалы әктасты балдырлардың — кокколито-форидтердің қалдықтары 10 — 75%-ке, фораминиферлер 5 — 6%-ке, кейде 40%-ке дейін жетеді. Аздап моллюскілердің, белемниттің, аммониттің, мшанканың, теңіз лаласы мен кірпілерінің, маржандардың, т.б-дың қалдықтары кездеседі. Бор химиялық шөгуден және органикалық қалдықтардың ыдырауынан түзіледі. Бордың қаттылығы бірге жуық, меншікті салмағы 2,2 — 2,8 г/см3. Бор құрамында кварц, монтмориллонит, каолинит, гидрослюда, опал, глауконит, халцедон, цеолиттер, пирит, барит, темір оксидтері болады. Бор жылы климат жағдайында тұзд. қалыпты теңіздерде ондаған м-ден жүздеген м-ге дейінгі тереңдіктерде тұнады. Геосинклинальдік аймақтарда Бордың шөгінділері қатайып, әктасқа айналады. Бор мезо-кайнозой шөгінділерінде кең тараған. Ол қағаз, шыны, цемент, парфюмерия өндірісінде, косметикада, медицинада т.б. салаларда кеңінен қолданылады.

    • Отвечал:

      antoniagkga

    Ответов нет, но ты это испарвиш!