-
Вопрос по казақ тiлi:
"Менің сөз әлемім" шагын эссе-
Автор:
simmons
-
-
Ответ:
Ответ:
Менің сөз әлемім.
Менің есімім Әлинұр, мен сегіз жастамын. Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді. Ал ол үшін не істеуім керек? деген сұраққа жауап беріп көрейін. Алдымен, әрине, оқуымды ойдағыдай оқып, ата – анамның үмітін ақтауым керек. Сонымен қатар, көп кітап оқуым керек. Кітап оқығанды ұнатамын, бойыма оқуға деген сүйіспеншілікті дарытқан ата – анама алғысым шексіз. Себебі, «Кітап – білім бұлағы» екенін естен шығармауымыз керек және де кітап көп оқыған адамның сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізе алатын, ой – өрісі кең тұлға болып қалыптасатыны баршаға аян. Менің жастайымнан сөз өнеріне деген құштарлығымды ата – анам аңғарып, кітап оқуды үйретіп, осы бір таңғажайып әлеммен таныстырған болатын. Әрине, жас шамама қарай әлі сөздің жілігін шақпасам да, үлкен жиындарда, мерекелік іс – шараларда ортада өз өнерімді көрсетіп, өлең оқып, Абайдың қара сөздерін жатқа айтамын. Осы ретте Бұқар жыраудың
«Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ» дегені ойыма келеді. Дегенмен, мен әлі бұл сөз әлемінде тек алғашқы қадам жасап үйреніп келемін, әлі талай белестерден асып, жетістіктерге жететініме сенімдімін.
-
Вопрос по казақ тiлi:
1)үнемі дастарқаннан табылатын зат? 2) ризашылықты білдіретін сөз?-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
БАСҚА тілді үйрену үшін, ең алдымен, ана тіліңнің кыр-сырын жақсы білуің керек.Өз тіліңді жақсы білсең ғана,басқа тілді үйренеркін аласың.
Кейбір зерттелеушілердің пікірінше,басқа тілде өз ойынды жеткізу үшін 2 мың белсендірі сөзді білген дұрыс.Сонда ғана кітапайда оқып,емін-еркін ақпарат алуға болады.Ол үшін тіл үйрену курстарына барған дұрыс.КЕМ дегенде 5 мың сөз игерсең,ақпарат есігішінде ашылады.
ПОЖАЛУЙСТА
ПЕРЕВЕДИТЕ!!!!!-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
синоним к слову үлкен
-
Ответов: 1
-
-
Вопрос по казақ тiлi:
Сурет бойынша сойлем кура-
Ответов: 1
-